Тақырып. Әрекет сұхбатының жүзеге асырудың кәсіби – этикалық сұрақтары

Этика деп мінез-құлық нормасы, сонымен қатар кәсіби немесе қоғамдық топқа жататын адамның моралі түсіндіріледі.

Тергеу қызметкерінің этикасы.

Әріптестер өз қызметі барысында міндетті:

1) Қызметте, тұрмыста айналасындағылармен жоғары әдептілік пен этикалық қарым-қатынастың үлгісін көрсетуге, іскерлік этикетті сақтауға, ресми мінез-құлық ережелерін құрметтеуге

2) Адалдықтың үлгісін көрсетіп, парасатты және әдепті болуға міндетті; қоғам жағынан сөгуді болдырмауға.

3) Өзінің іс-әрекеттерімен қоғам тарапынан негізді сынға себепкер болмауға, сынағаны үшін қудалауға жол бермеуге, оң сын-ескертпелерді, кемшіліктерді жою мен өзінің қызметін жақсарту үшін пайдалануға

4) жеке және заңды тұлғалардың құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін сақтау және қорғауды қамтамасыз етуге, мемлекеттік тілге және басқа да тілдерге, Қазақстан халқының салттары мен дәстүрлеріне құрметпен қарауға.

Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2011 жылғы «28» мамырдағы № 248 бұйрығымен бекітілген Қазақстан Республикасы ішкі істер органдары қызметкерлерінің қызмет этикасы ережелері адам мен азаматтың өмірі мен денсаулығын, құқықтары мен бостандықтарын қорғау, заңдылық пен құқықтық тәртіпті қолдау жөніндегі басым міндеттерден шыға отырып, іргелі жалпы адами және кәсіби адамгершілік құндылықтарды, азаматтық және қызметтік борыш талаптарын негізге алады. Сондай-ақ бұл ережелер кәсіби-этикалық нормалардың жиынтығы ретінде ішкі істер органдарының қызметкері үшін: адамгершілік кұндылықтарды, ішкі істер органдарындағы қызметтің міндеттемелері мен принциптерін; қызметтік және қызметтен тыс мінез-құлыққа, қызметтік ұжымдағы өзара қарым-қатынасқа қойылатын кәсіби-этикалық талаптарды; сыбайлас жемқорлыққа қарсы мінез құлықтың кәсіби-этикалық стандартын айқындайды.



Қазақстан Республикасы ішкі істер органдары қызметкерлерінің ар-намыс кодексінде орган қызметкерлеріне қызметтік міндеттерін атқару барысында мынандай міндеттер жүктеледі: адамның шығу тегіне, ұлтына, әлеуметтік мәртебесіне, сонымен қатар нанымына, дінге, саяси көзқарасына қарамастан оған ең жоғарғы құндылық ретінде қарап, оның құқықтарын қорғау.

Психологиялық жағынан жауап алу сұхбат арқылы жүргізіледі.

Жауап алу барысында ақиқатқа қол жеткізу – бұл тергеушінің адамгершілік және құқықтық міндеті.

Заңсыз және адамгершіліксіз түрде жауап алу «қорлаған» жетекші сұраққа жатқызылады.

Жауап алу барысында, соның ішінде кез келген тергеу іс-әрекеттерін, жүргізу кезінде міндетті түрде моральдық нормалары мен принциптерді ұстануға тиіс.Құқықтық сипаттағы талаптарды анықтау үшін қажет және моральдық тергеу жүргiзуге заң мен этикалық стандарттарды сақтау керек.Мысалы, Д.П.Котов кез келген тергеу тактикасына тән белгілі бір моральдық принциптер бар деп есептейді.


3055850921018982.html
3055890673607568.html
    PR.RU™